Ново Нордиск компаниясы пациенттерге әлеуметтік жауапкершілік пен қамқорлықты қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында Оземпик®, Саксенда® және Ребелсас® сияқты дәрілік заттардың заңсыз әкелінуі мен айналымының ағымдағы жағдайы туралы хабарлайды.
Ново Нордиск компаниясына Instagram және Telegram әлеуметтік желілер арқылы компанияның препараттарын заңсыз әкелу, сондай-ақ жалған ақпарат тарату және препараттарының беделін түсіру фактісі туралы белгілі болды.
Ново Нордиск компаниясы басқа елдердің нарықтарында сату үшін өндірілген препараттарды, дәлірек айтқанда, Оземпик® препараттарын сатып алуды ұсынбайды.
Оземпик® препаратының сақтау және тасымалдаудың ерекше шарттары бар және компания заңсыз әкелінген препараттардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды. Мұндай препараттарды сатып ала отырып, Сіздің сапасыз препаратқа тап болуыңыз мүмкін және денсаулыққа ықтимал қаупі үшін толық жауапкершілікте боласыз.
Ново Нордиск компаниясының препараттарын заңсыз әкелу жағдайларын болдырмау үшін біздің компания тиісті іс-шаралар жүргізуде:
Естеріңізге сала кетейік, заңнамаға сәйкес : Дәрілік заттарды көтерме саудада сатуға лицензиясы бар ресми дистрибьютор ғана компания ұсынған тасымалдау мен сақтаудың барлық нормаларын сақтай отырып, ҚР аумағында Ново Нордиск компаниясының препараттарын дәріхана желілері арқылы заңды түрде сатуға құқылы.
Жалған өнімнің пайда болу қаупін есте сақтаңыз және қолданар алдында сатып алынған өнімді мұқият тексеріңіз.
Егер сіз жалған өнімді анықтаған болсаңыз, оны пайдаланбаңыз және eaeu-safety@novonordisk.com электрондық поштасы арқылы немесе +7 (727) 3307788 телефоны бойынша хабарласыңыз. Егер Сіз күдіктеріңіз бойынша жалған болып табылатын өнімді пайдаланған болсаңыз, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Пациенттердің қауіпсіздігі Ново Нордиск компаниясы үшін басты басымдық болып табылады, және біз жалған өнімдермен күресте пациенттерге ең үздік жолмен қолдау көрсету үшін барлық мүдделі тараптармен тығыз диалог жүргіземіз.
Егер сізде сұрақтар туындаса, eaeu-safety@novonordisk.com электрондық поштасы арқылы немесе +7 (727) 3307788 телефоны бойынша хабарласыңыз.
Ново Нордиск компаниясына Өзбекстан, Әзірбайжан мен Қазақстан елдерінде бұрмаланған болып табылатын және Ново Нордиск компаниясының заңды өнімі болып табылмайтын Оземпик® және Саксенда® препараттарының сатылымда пайда болғандығы туралы белгілі болды. Бұрмаланған препараттар заңды жеткізу тізбектері арқылы да, заңсыз тізбек арқылы да сатылған. Бұрмаланған препараттардың құрамы түпнұсқа препараттардан толығымен ерекшеленеді, оларды пайдалануға тыйым салынған, себебі бұрмаланған препараттар пациенттердің қауіпсіздігі үшін қауіп төндіреді.
Бұрмаланған препараттың түпнұсқа препараттан негізгі айырмашылығы Ново Нордиск Оземпик® және Саксенда® түпнұсқа тұтқалары алға шықпайтындығы және дозаны орнатқан кезде ұзындыққа үлкеймейтіндігі болып табылады. Шкаладағы өсу қадамының сандары қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес бекітілген доза болып табылады, мысалы Оземпик® үшін 0.25 мг, 0.5 мг және 1.0 мг және Саксенда® үшін 0.6 мг, 1.2 мг, 1.8 мг, 2.4 мг және 3.0 мг.
Жалған тұтқаны 0-ден 80 бірлікке дейінгі доза өлшегішіндегі шкала бойынша анықтауға болады, ал доза селекторы дозаны орнатқан кезде тұтқа шегінен шығады.
Пациенттердің қауіпсіздігі Ново Нордиск компаниясы үшін басты басымдық болып табылады, және біз бұрмаланған өнімдермен күресте пациенттерге ең үздік жолмен қолдау көрсету үшін барлық мүдделі тараптармен тығыз диалог жүргіземіз.
Егер сізде сұрақтар пайда болатын болса, eaeu-safety@novonordisk.com электрондық поштасы арқылы немесе +7 (727) 3307788 телефоны арқылы байланысуыңызды өтінеміз.
Мұнда біздің қазіргі бос жұмыс орындарымыз көрсетілген. Егер сіз қалаған жұмыс орнын таппасаңыз, жұмыс агентін немесе кандидат профилін құруыңызға болады.