Дербес деректер қамтылған деректер базасының иесі «Ново Нордиск Қазақстан» ЖШС (бұдан әрі – «Ново Нордиск компаниясы») болып табылады:
Осы Сайттың пайдаланушыларын түсіну үшін бізге ішінара тікелей сізден сұралатын және ішінара автоматты түрде жиналатын ақпарат қажет. Кез келген жағдайда оны сақтау және пайдалану үшін біз Сіздің рұқсатыңызды сұраймыз. Бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін төменде түсіндіреміз.
Сауалнама жолымен жиналатын ақпарат – бұл Сіз өз еркіңізбен бізге берген мәліметтер, және де Сізде олай жасамауға әрқашан мүмкіндік бар. Бұл ақпарат мына төмендегі тармақтардан тұруы мүмкін (бұл тізбе толық емес):
Біздің серверлер қосылыс туралы ақпаратты, геолокация және (немесе) Интернеттегі беттерді қарау деректерін (браузинг) автоматты түрде жинайды:
«Пайдаланушыны сәйкестендіруге арналған ақпарат» — бұл белгілі бір адамға қатысты мәліметтер, мысалы: аты-жөні, пошталық және электрондық мекенжайы, телефон нөмірі және т.с.с. Пайдаланушыны сәйкестендіруге арналған ақпарат Сіздің рұқсатыңыз берілген (яғни Сіз біздің сауалнамаға қатысуға шешім қабылдаған) немесе Сіз Сайттың белгілі бір функциясына қол жеткізу үшін ақпарат беру туралы шешім қабылдаған, ал ақпарат Ново Нордиск компаниясы тұжырымдаған мақсаттарға сәйкес келетін жағдайда ғана сақталады. Пайдаланушыны сәйкестендіруге арналған ақпаратқа қосылыс туралы ақпарат, геолокация жəне (немесе) Интернеттегі беттерді қарау деректері (браузинг) кірмейді.
Сіз, Сіздің неге қызығатыныңыз туралы және біздің Сайт пен біздің қызметтерді қалай дамыта алатынымыз туралы ақпарат алу үшін біз ақпаратқа математикалық талдау жасаймыз. Біз жинайтын кез келген ақпаратты (соның ішінде Сіз өзіңіз берген ақпарат пен Сайт арқылы жиналған ақпаратты) Ново Нордиск компаниясы немесе оның филиалдары, бөлімшелері тек ішкі мақсаттар үшін, өнімді жетілдіру немесе жаңарту, Сайттың және онымен байланысты сайттардың (Ново Нордиск компаниялар тобының сайттарының) мазмұнын жақсарту үшін, осы сайттарға кірген пайдаланушылардың тәжірибесі мен біліктілігін арттыру үшін, біздің Интернет-парақтарымыздың мазмұнын және/немесе құрылымын теңшеу және жеке пайдаланушылар қажет ететін қызметтерді ұсыну үшін ғана пайдаланады. Біз «Пайдаланушыны сәйкестендіруге арналған ақпаратты», сондай-ақ қосылыс туралы ақпаратты, геолокацияны және (немесе) Интернеттегі беттерді қарау деректерін (браузинг) пайдаланушылардың сұраныстары мен өтініштеріне жауап беру мақсатынан, маркетингтік мақсаттардан басқа, жоғарыдағы Саясатта көрсетілген Сайт пен Сайттың қызметтерін жақсартуды талдаудан басқа ешқандай мақсаттарда пайдаланбаймыз.
Біз Сіздің қалауыңызды сақтау мақсатында біздің Сайттың пайдаланылуы туралы ақпарат жинау үшін "кукиз" деп аталатын стандартты технологияны пайдаланумыз мүмкін. Кукиз арқылы біз Сіздің жеке ақпаратыңызға қол жеткізе алмаймыз. Кукиз Сайтқа пайдаланушының Интернет-браузерін тануға және осылайша Сайтты қарау кезінде пайдаланушының кез келген қалауын сақтап қоюға және жадыда қалдыруға көмектесуге арналған. Кукиз Сіздің құрылғыңыздан ешқандай басқа деректерді ала алмайды, соның ішінде компьютерлік вирусты жұқтыра алмайды.
Кукиз пайдаланушының құпиясөзін сенімді түрде сақтай алады, бастапқы беттерді дараландыра алады, сайттың қай бөлімдеріне кіргенін анықтай алады немесе таңдамаларын қадағалай алады. Біздің Сайттан жүктелген кукиз сіздің домен атауын ала алады және біздің беттеріміз арқылы сіздің таңдамаларыңызды қадағалай алады. Біз кукиз файлдарын осы Құпиялық саясатында көрсетілген ақпаратты жинау үшін ғана және Дербес деректерді өңдеу туралы ережеге сәйкес пайдаланамыз.
Біз Пайдаланушыны сәйкестендіру жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ қосылыс туралы ақпаратты, геолокацияны және (немесе) Интернеттегі беттерді қарау деректерін (браузинг) Сіздің тиісті рұқсатыңызды алмастан ешқандай үшінші тараппен бөліспейміз, тек бұған заң бойынша немесе Сайтқа кіруді қамтамасыз ету талаптары бойынша талап етілетін жағдайлар жатпайды. Бұл мәліметтер Ново Нордиск компаниясының өзінде сақталады. Қажет болғанда біз үшінші тараптарға ақпаратты статистикалық талдауымыздың немесе пайдаланушылардың демографиялық деректерінің жиынтық нысанында ғана, мысалы, "сайтқа кірушілердің х%-ы — ер адамдар" деген түрде хабарлауымыз мүмкін.
Деректерді бірлесіп пайдалану мүмкіндігі қарастырылуы ықтимал болатын басқа ұйыммен жұмыс істегенде, біз Сіздің жеке ақпаратыңызды бірлесіп пайдалануға Сізден рұқсат сұраймыз (және заң бойынша олай етуге міндеттіміз). Сіз келіскен жағдайда, біз серіктестеріміздің де құпиялықты сақтау талаптарын орындайтынына кепілдік береміз.
Ново Нордиск компаниясы біздің Сайтта жиналған деректерді (Сіз өзіңіз берген немесе Сайт арқылы жиналған ақпарат) не толық, не ішінара сатпайды.
Ново Нордиск компаниясы өзінің басымдықтарының бірі – пайдаланушылардың дербес деректерін рұқсатсыз қол жеткізуден немесе жөнсіз мақсатта пайдаланудан қорғау деп есептейді және Дербес деректерді өңдеу туралы ережеге сәйкес деректердің құпиялығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Сіз кез келген уақытта Ново Нордиск компаниясы және біздің өнімдер туралы ақпарат алудан, сондай-ақ серіктестеріміздің ұсыныстарынан бас тарта аласыз.
Ново Нордиск компаниясы кез келген уақытта осы Құпиялық саясатының шарттарын бір жақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Мұндай өзгертулер Саясаттың жаңа нұсқасы Сайтта жарияланған кезден бастап дереу күшіне енеді.
Осы Саясат қай сайтта жарияланған болса, соған ғана қатысты. Біздің падаланушыларымызға ыңғайлы болу үшін біздің Сайтта бірқатар басқа сыртқы Интернет-ресурстарына сілтемелер болуы мүмкін. Бұл Саясаттың мұндай Интернет-ресурстарына қатысы жоқ.