Заңдар мен ережелерге сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі ыстық желі Novo Nordisk Директорлар кеңесінің құрамына кіретін Аудит комитетіне тиесілі және сол тарапынан бақыланады.
Егер сіз Novo Nordisk компаниясының қызметкері болсаңыз, алаңдаушылықтарыңызды жергілікті менеджмент, жергілікті заң немесе кадрлар бөлімі арқылы білдіруге шақырамыз. Егер бұл мүмкін болмаса, төменде көрсетілген жолдарды пайдалануыңызға болады.
Іскери этикаға, бухгалтерлік есепке және алаяқтыққа, Novo Nordisk жолына, деректердің ықтимал бұзылуына, сапаға қатысты мәселелер немесе Novo Nordisk үшін құқықтық және/немесе басқа да қатерлі тәуекелдер тудыруы мүмкін болған мәселелер Заңдар мен ережелерге сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі ыстық желі арқылы хабарлануы керек. Төменде қандай мәселелерді хабарлау қажет екендігінің мысалдары берілген.
Заңдар мен ережелерге сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі ыстық желіні клиенттердің шағымдарын, жанама әсерлерді немесе жалған өнімдерді хабарлау үшін пайдалануға болмайтындығын ескеріңіз. Мұндай мәселелерді хабарлау үшін сол жақ мәзірдегі сілтемелерді қолданыңыз.
Бұған сатулар мен маркетингтің дұрыс жүргізілмеу әрекеттері, орынсыз пайда беру немесе алу, өнім үлгісінің дұрыс алынбауы, клиенттермен немесе үшінші тұлғалармен дұрыс емес қатынастар және емделушілердің орынсыз өзара әрекеттері жатады.
Мысал ретінде қызметкерге жасалған елеулі әділетсіздік, басшылықтың елеулі шамада теріс мінез-құлық танытуы немесе қуадалау әрекеттері жатады.
Бұған қаржылық есептілік алаяқтығы, ішкі бақылаудың жеткіліксіздігі, жалған құжаттар жасау және NN активтерін дұрыс пайдаланбау немесе ұрлық жатады.
Қандай да бір алаңдаушылығыңыз болса, оны Заңдар мен ережелерге сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі ыстық желіге телефон арқылы немесе онлайн режимде хабарлауыңызға болады.
Заңдар мен ережелерге сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі ыстық желіні үшінші тарап басқарады және хабарлаушы анонимді болуды таңдай алады. Алайда біз барлық хабарлаушыларды өзін-өзі таныстырып, жеке тұлғасын ашуға шақырамыз, солайша біз хабарламаны жақсырақ зерттеп, зерттеу кезінде хабарлаушымен байланыста боламыз.
Қосымша нұсқаулар мен тиісті телефон нөмірлерін көру үшін Заңдар мен ережелерге сәйкестікті қамтамасыз ету порталына өтіңіз
Сілтемені ашқанда жоғарғы оң жақ бұрышта бірнеше тілдің арасынан қажетті тілді таңдауға болады. Мәселені телефон арқылы хабарлағанда, сіздің қоңырауыңызға жауап беру үшін агент қолжетімді болғанша қисынды уақыт бойы күте тұрыңыз.
Заңдар мен ережелерге сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі ыстық желінің хабарлау порталы
Заңдар мен ережелерге сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі ыстық желінің хабарлау порталы - Иран (Егер Иранда орналасқан болсаңыз, осы сілтемені пайдаланыңыз)
Мәселе туралы телефон немесе желі арқылы хабарлаған кезде сізге бірегей іс нөмірі келіп түседі және оған қатысты құпиясөз жасау сұралады.
Осы ақпарат арқылы сіз мәселеңіздің жағдайын тексеріп, хабарламаңыз бойынша қандай да бір сұрақтардың бар-жоғын біліп, қосымша ақпарат ала аласыз.
Біз адал ниетпен хабарлама жасаған немесе зерттеуге қатысқан адамдарды дискриминациялауға немесе қудалауға жол бермейміз. Егер сіз хабарлама жасағаныңыз немесе зерттеуге қатысқаныңыз үшін қудаланудамын деп ойласаңыз, онда бірден Заңдар мен ережелерге сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі ыстық желіге хабарласуыңыз керек. Мұндай хабарламалардың барлығы құпия түрде зерттеледі.
Заңдар мен ережелерге сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі ыстық желі Данияның Копенгаген қаласында орналасқан. Сондықтан ол Данияның және Еуропа одағының осындай хабарламаларға қатысты шектеулерімен реттеледі.