Семіздікті түсіндіру қарапайым болып көрінуі мүмкін. Егер адам өзіне қажетті шамадан артық калорияларды тұтынса, салмақ қосады. Бірақ шын түсініктеме соншалықты қарапайым емес. Мәселе тек салмақта ғана емес.
Семіздік - бұл күрделі созылмалы ауру және артық салмақтан арылу дегеніміз тек аз тамақтану және көбірек қозғалу дегенді білдірмейді. Шын мәнінде семіздікке генетика, физиология, қоршаған орта, жұмыс пен білім және мида болып жатқан жағдайлар әсер етуі мүмкін.
Бұл факторларды түсіну өте маңызды, өйткені семіздік басқа аурулармен, соның ішінде 2-типті қант диабетімен, жүрек ауруымен және қатерлі ісіктің кейбір түрлерімен байланысты. Таңба (стигма) мен ағат пікірлерді айтпағанда, миллиондаған адам күн сайын зардап шегуде
Бірақ дұрыс күтімнің арқасында семіздікке шалдыққан адамдар тұрақты түрде салмақ жоғалтып, денсаулығына шынымен де өзгеріс енгізе алады.
Семіздікке дененің ішіндегі және сыртындағы көптеген факторлар әсер етеді. Адам салмақ жинауға бейімді болып туылуы мүмкін. Бір адамның нақты бір көз түсімен туылатынындай.
Сонымен қатар оның физиологиялық жағы болады. Адам тамақ ішкенде, асқазан мен ішектен шыққан гормондық сигналдар аштықтың төмендеу және тоқтықтың арту сезіміне айналады. Бұл адамның тамақ ішуін басқарады.
Арықтау кезінде жоғалған салмақты қалпына келтіру үшін гормондардың деңгейі өзгеруі мүмкін. Нәтижесінде зерттеулер көрсеткендей, адамдардың үштен бір бөлігі ғана жоғалған салмағын сәтті сақтайды.
Адамның жалпы әл-ауқатының, қоршаған ортасының және өмір салтының көптеген аспектілері де салмақ қосуға себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ адамның тұратын жері және оны қоршаған мәдениет те семіздіктің даму қаупіне әсер етуі мүмкін.
Сонымен, семіздікке шалдыққан көптеген адамдар өз салмағын өздері басқара алатынын ойласа да, бұл оңай емес.
Семіздікті түсіну үшін миымызда не болып жатқанын түсінуіміз керек. Біздің денеміз сол қосымша калорияларды сақтап қалуға бағдарламаланғандай, оның себебі ықтималды түрде, мыңдаған жылдар бойы бұл тіршілікті сақтап қалудың негізгі механизмі болды.
Сондықтан, семіздікпен өмір сүретін адамдар салмақ тастауда қиналады. Олардың денелерін бағдарламалау оларды бастапқы салмағына қайтару үшін жұмыс істейді. Мида адамның жоғалтқан салмағын қайта жинағанға дейін оның энергия шығынын реттеп тұратын бір қосқыш бар сияқты.
Біз мұндай қосқыштың мидың нақты қай жерінде болатынын анықтауға және оның дәрі-дәрмек көмегімен емделіп-емделмейтінін зерттеуге тырысудамыз. Солайша, бір күні біз семіздікке шалдыққан адамдарға салмағын жаңа, зиянсыз бастапқы нүктеге түсіруіне көмектесе аламыз.
Егер жетістікке жетсек, семіздікпен өмір сүретін миллиондаған адамға көмектесе аламыз.
Біз семіздіктің артындағы ғылымда жетекші күш болуды мақсат тұтамыз.
Біз табиғи GLP-1 гормонына үлкен мән береміз. Біз уақыт өте келе осы табиғи гормонның сәтті салмақ жоғалтудағы рөлі туралы көбірек мәлімет табудамыз. Мысалы, адам тамақ жеп болғаннан кейін, ағзадағы GLP-1 молекулалары олардың аштық сезіміне әсер етеді.
Біздің ғалымдарымыз бірнеше жыл бойы синтетикалық GLP-1 молекулаларын тәбетті басу немесе энергия шығынын арттыру үшін қалай қолдануға болатындығын зерттеді. Біз GLP-1 молекуласының ұзақ уақытқа созылатын салмақ жоғалтуға қалай түрткі болатынын тексеруді жалғастырамыз.
Қазіргі кезде біз келесі аймақтарды зерттеудеміз: